30 мамыр 2022 14:48

"Мұрынбоқ болып келгенсіңдер". Шиеліде мектеп директоры мен мұғалімдердің ұрысы видеоға түсірілді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрда аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салды.

Бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

"Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады", - делінген хабарламада.

Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

"Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети