Никольский базарының 340 шаршы метрі жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Никольский базарының 340 шаршы метрі жанып кетті ©Роза Есенқұлова

Алматыда Никольский базарындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Никольский базарындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан.

Өртке қарсы қызмет жетекшісінің орынбасары Игорь Плотниковтың хабарлауынша, өрт туралы хабар 12:10-да келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына жеті минутта жетті, олар өртті ауыздықтап, залалсыздандыра алды. Өртенген ауданның 340 шаршы метр екені нақтыланды. 

Өрт дәмхананың шатырын, көшірмелеу орталығын және бір дүкенді шарпыған. Тілсіз жауға қарсы күреске жеке құрамның 65 адамы мен тоғыз негізгі және екі арнаулы техника жұмылдырылды. "Өртті сөндірудің қиындаған себебі "Электросеть" уақытында келмей, электр желісі ажыратылмады. Шатырда ток қатты ұрғандықтан оқиға орнына жеке құрам жіберілмеді", - дейді Плотников. 

Бұған дейін базардағы өрт кезінде саудагерлер тауарларының жанып кеткені хабарланған еді. Оқиғаның себебі мен келген шығын көлемі кейін жария етіледі. Төтенше оқиға кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер болған жоқ. 

Айта кетейік, қыркүйектің басында Алматыдағы барахолка өртенген болатын. 4 қыркүйек күні таңертең "Алатау" базарындағы контейнерлер отқа оранды. Жалын өртке қарсы қызметке хабар түскеннен кейін бір сағат ішінде ауыздықталды. Барахолкадағы бұл базардың жұмысы соттың шешімімен тоқтатылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети