04 қыркүйек 2014 09:59

Алматыдағы барахолка тағы да өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт "Алатау" базарынан шықты. ©Тengrinews.kz Өрт "Алатау" базарынан шықты. ©Тengrinews.kz

Бүгін - 4 қыркүйек күні таңертең Алматы барахолкасында тағы да өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін - 4 қыркүйек күні таңертең Алматы барахолкасында тағы да өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғасы

Құтқару қызметінің мәліметінше, өрт "Алатау" базарынан шықты. Бұл туралы хабар мамандарға 08.00-ден кейін келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 100 шаршы метр ауданды шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт ауыздықталды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы барахолкада соңғы рет 2014 жылдың ақпан айында өрт болған еді. Ол кезде "Юпитер" базары өртке оранды. 1000-1500 шаршы метр ауданды алып жатқан контейнерлердегі шаруашылық тауарлары жанып кетті. Өрттің "Алатау-1" базарына таралу қаупі болды. Барахолка 2013 жылдың желтоқсан айында да өртенді. "Алатау-2" базарындағы бес контейнер түгел жанып кетті, өртенген аудан - 150 шаршы метр. Тілсіз жауды сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 107 маманы мен 34 техникасы қатысты. Мұның алдында сол жылдың күзінде де барахолканың екі рет өртенгенін айта кетейік, Қыркүйекте 5000 шаршы метрден астам аумақ өртенсе, қараша айында "Құлагер" базары өртеніп, жалын тағы бірнеше базарды шарпыған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети