08 ақпан 2021 09:27

Нұр-Сұлтан әуежайында жолаушы әйел жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/kris_p_brothers © instagram/kris_p_brothers

Нұр-Сұлтанда 31 жастағы атыраулық мас күйде әуежайдың тіркеу орнында жанжал шығарды, - деп хабарлайды "Прикаспийская коммуна"


Нұр-Сұлтанда 31 жастағы атыраулық мас күйде әуежайдың тіркеу орнында жанжал шығарды, - деп хабарлайды "Прикаспийская коммуна"

Жолаушы әйел мас болған. Ол тіркеу бағанасындағы тақтайшаларды сындырып, қызметкерлерді балағаттап, әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Көліктегі полиция департаменті ақпараты бойынша әйел адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған "алкоголь ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" және "ұсақ бұзақылық" баптары бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша азаматшаға бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материалдар Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Liter.kz басылымының мәліметіне сүйенсек, әйел - FlyArystan әуе тасымалдаушысының жолаушысы.

Әуежайдағы оқиғаның видеосы kris_p_brothers Instagram-парақшасында жарияланды. Ролик сипаттамасында әйел адам Нұр-Сұлтан - Атырау рейсіне жіберілмегеннен жанжал шығарғаны жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети