04 ақпан 2021 14:44

Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды: оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секіруге тырысқан ер адамды құтқару процесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секіруге тырысқан ер адамды құтқару процесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жедел басқару орталығының "102" пультіне куәгер қоңырау шалған. Ол Тілендиев көшесіндегі көпқабатты үйдің 12-қабатынан ер адам секіргелі тұрғанын айтқан. Оқиға орнына жедел патрульдік полиция полкінің взвод командирі Әділжан Мұсылманбеков, патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Ержан Естай мен Әлихан Адаевтан барды.

"Патрульдік полиция экипажы оқиға орнына келгенде, ер адам балкон қоршауына шығып секіруге шақ қалған. Жағдайға қарай әрекет еткен Әділжан Мұсылманбеков ер адамды әңгімеге тартады. Көңілі ауып төмен қараған сәтінде полицейлер оны белінен ұстап балкон ішіне тартып түсірген", - деп хабарлады полиция қызметкері.

Медициналық тексеру нәтижесінде 26 жастағы ер адам мас болғаны анықталды. Отбасында болған жанжалдан кейін секіруге шешім қабылдаған. Оны аудандық полиция бөліміне жеткізіп, психолог маманмен кездесу ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2020 жылғы қыркүйекте полицейлер көпірден секіруге тырысқан 16 жастағы қызды құтқарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети