08 ақпан 2021 16:25

Түркістан облысында көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды: оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті ХҚКО қызметкері құтқарып қалды. Теміржол өткеліндегі көпірден секіруге тырысқан ер адамды құтқару процесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық ХҚКО бөлім басшысының орынбасары Талғат Камилов үйіне қайтар жолда полиция көліктерін, жиналған адамдар мен көпірден секіргісі келген ер адамды байқап, бірден көмекке асыққан екен.

"Мен досымның көлігімен үйге бара жатқанмын. "Секірме" деп айқайлап жатқан адамдарды көрдім. Көліктен түсіп бірден жігітке қарай жүгіріп бардым. Жақындап барып әңгімеге тартуға тырыстым. "Қалайсың? Бұл әркетіңе не себеп болды? Есіңді жи!" дедім. Әрі қарай ойланып тұруға уақыт болмады. Көзін ала бере бірден оған секірдім. Алдымен ұстағанымда қолымнан шығып кетті, кейін қайтадан ұстап алдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын, бұл әрқайсымыздың азаматтық парызымыз", - деді Талғат.

Жігітті құтқаруға сол жердегі адамдар мен полиция қызметкерлері де көмектескені хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам 12-қабаттан секірмек болған еді. Полиция қызметкерлері оны құтқарып қалды. 26 жастағы ер адамның мас болғаны анықталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети