17 қараша 2020 17:32

Нұр-Сұлтанда бес көлік соғысып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда бес көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда бес көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 17 қарашада болған.  Шамамен түстен кейінгі уақытта KIA Cerato жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы бойымен Рысқұлов көшесіне қарай келе жатқан.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол бойында келе жатқан Hyundai Accent-ке соғысқан. Осыдан кейін KIA Cerato қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы үш көлікпен соғысқан.

"Жол апатына ұшыраған көліктердің ішінде 55 жастағы жүргізуші тізгіндеген Iveco Daily автобусы болған. Ол кезде салонда жолаушылар болмаған. KIA Cerato-ның 25 жастағы жүргізушісі жарақаттар алған. Ол ауруханада тексеріліп, кейін бірден үйіне қайтарылған", - деді полициядағылар.

Сондай-ақ, полицейлер бүгін қалада 60 жол апаты болғанын айтып өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети