27 ақпан 2020 20:09

Нұр-Сұлтанда бір күнде 73 жол-көлік оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 27 ақпанда 73 жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала полициясына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 27 ақпанда 73 жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала полициясына сілтеме жасап.

Жол апаттарынан бір күнде бес адам зардап шеккен, бір адам қаза тапты.

"КамАЗ жүргізушісі 1969 жылғы жаяу жүргіншіні басып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жүк көлігін тоқтату үшін қолымен белгі беріп тұрған. Салдарынан ер адам оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады полициядағылар.

 Ал Қосшыға апаратын жолда 18 көліктің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы болған. Қарағандыға барар жолда сегіз көліктің қатысуымен үш жол апаты болған.

Полицейлер жүргізушілерді мұзтайғаққа байланысты жолдарда сақ болуға, жылдамдық режимін сақтауға шақырып отыр. Ауа райының бұзылуына байланысты барлық бағыт бойынша жол жабылған.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған. Қалада мұзтайғақ болады және жел тұрады деген болжам айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети