18 қыркүйек 2019 16:22

Нұр-Сұлтанда даму орталығында 10 бала уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жеке даму орталығында он шақты бала уланып, ауруханаға түсті. Елордалық әкімдік ұйымға тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда жеке даму орталығында он шақты бала уланып, ауруханаға түсті. Елордалық әкімдік ұйымға тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ата-аналар балалардың жаппай уланғаны туралы шағымданған. Олардың айтуынша, ауруханаға ішек инфекциясымен 10 бала түскен. 

"Біз қазір бұйрық шығардық, комиссия бар, тексеру жүріп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдерін де осы іске тарттық. Соның нәтижесінде шара қолданатын боламыз. Жеке мектепке дейінгі ұйымдар жекелей Кәсіпкерлік кодексіне сай жұмыс істейді. Егер біз нақты бірдемені табатын болсақ, ары қарай шешім шығаратын боламыз. Шамамен 8-10 баланың уланғаны туралы айтып отырмыз", - деді қалалық білім беру басқармасының басшысы Әниар Жанғозин. 

Ата-аналар орталықтың әкімшілігін кәріз суының ауыз суға қосылғанын айтады, алайда Жанғозин әзірге мұндай айыптауларға әлі ерте екенін ескертті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети