1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: бес адам зардап шекті 23 сәуір 2021, 08:43

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуір шамамен сағат 17:51-де LADA жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Малотимофеевка тасжолымен А1 көшесіне қарай келе жатып көлікті басқара алмай, "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК-не тиесілі УАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі жолдың шетіне шығып кеткен. 

"Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған жүргізуші мен УАЗ көлігінің бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді, оның төртеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!