16 қыркүйек 2021 09:00

Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит табылды

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Астаналық медицина қызметкерлері жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит алып шықты. Бүгінде баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Астаналық медицина қызметкерлері жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит алып шықты. Бүгінде баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, 2020 жылдың өзінде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген. 

"Негізінен түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы - магнит. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады", - дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар шығарылды, асқазан мен асқазан-ішек жолдарында мұндай заттар 80 баладан табылды, бөтен заттар бронхтар мен тыныс жолына түсуінен 30 бала зардап шекті. 

"Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер мұрын септумының перфорациясымен бөтен заттар мұрынын (магниттермен) бітеп қалғанын анықтады. 

Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден аса кішкентай магнитті шығардық. Бүгінде тексеру және емдеу толық көлемде жүргізіліп жатыр", - деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Хирург дәрігер Серікжан Нұржановтың сөзінше, егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады, ал басқа жағдайлар да асқазанға түседі.

"Одан әрі бөгде заттардың асқазан-ішек жолдарына түсіп кетуіне айналмалы бұлшық ет кедергі келтіреді. Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабығының әртүрлі тереңдікке, тіпті оның толық сызықтық үзілуіне дейін зақымдануы мүмкін. Әсіресе ауыр зардаптар бөтен затты бірден емес, бірнеше күннен кейін шығарған жағдайларда болады. Кең көлемді қабыну инфильтрациясын ғана емес, сонымен қатар тіндердің некрозын да тудыратын жаралар пайда болады", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, бала үшін соғұрлым қауіпті болады дейді.

"Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазды, сол жерде перфорацияға, медиастинитке дейін іріңдеуді тудырады, ал егер АІЖ-ға түссе, онда ол перфорация мен перитонитті тудырады", - дейді дәрігер Нұржанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети