24 қыркүйек 2019 11:40

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысты: 23 адам ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысу салдарынан 20-дан аса ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысу салдарынан 20-дан аса ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"23 қыркүйекте шамамен 15:00-де "Хова" маркалы жүк көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Байырқұм көшесі жағынан А-187 көшесімен қосалқы жолақпен келе жатып Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында көлікке жол бермей, № 64 бағытта жүретін автобуспен соқтығысты", - делінген полиция хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Қалалық ауруханаға жеткізілген 22 жолаушы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 

Тергеу жүріп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram