24 қараша 2021 16:37

Нұр-Сұлтанда қалың қар салдарынан ұзын-сонар кептеліс пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, жолдарда кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, жолдарда кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда түнде қалың қар жауды. Кеше Қазгидромет оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейіп, көктайғақ болады деп ескерту жариялады, бірақ жауын-шашын болатыны туралы ескертілмеген.

Сурет: ©️Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов 

Яндекс карталарына сәйкес, кептеліс әсіресе елорданың сол жағалауында байқалады. Қосымша кептелісті жеті балдық көрсеткішпен бағалаған.

2GIS навигаторы мәліметінше, кептеліс 9 балға жеткен. Бірақ көлік кептелісі орталық көшелерде ғана байқалады.

Елорда әкімдігі мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолдарды, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға ерекше көңіл бөлінген.

"24 қарашада мыңнан аса мамандандырылған техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшылары жұмылдырылған. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлап, жолдарда абай болуды сұраймыз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Қарашаның басынан бері қала сыртына 125 000 текше метр қар шығарылған.

Сурет: ©️Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет баспасөз қызметі мәліметінше, жауын-шашын ертең де жалғасады. 25 қарашаға арналған болжамға сәйкес, Нұр-Сұлтанда мезгіл-мезгіл жауын-шашын, негізінен қар жауып, қар мен көктайғақ болады. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 14 метрге жетеді, түнде және күндіз ауа температурасы 5-7 градус аяз деңгейінде сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети