21 қазан 2019 17:02

Нұр-Сұлтанда төртінші сынып оқушыларының төбелесі видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілдері төртінші сынып оқушыларының төбелесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілдері төртінші сынып оқушыларының төбелесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

№ 31 мектептің төртінші сыныпта оқитын үш оқушы өзара жанжалдасып, кейін төбелескен. Оқиға видеоға түсірілген. Видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы этикалық тұрғыда видеоны жарияламайды. 

 "Оқушылар сынып жетекшілерін шақырған. осыдан кейін оқушылардың әрқайсысымен әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Балалардың ешқайсысы денсаулығы жайында шағымданбаған. Келесі күні мектеп әкімшілігі балалардың ата-аналарын шақыртылған, бұл жиынға псизологта қатысқан. Кездесу барысында өзара мәмілеге келіп, ата-аналар зардап шеккен баладан және ата-анасынан кешірім сұрады. Екі бала мектептің ішкі туркеуіне алынды", - деді оқиға туралы білім басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, оқиғадан кейін келесі күні зардап шеккен бала ауруханаға түскен. 

"Қазіргі уақытта оның жағадйы жақсы. Баланың ата-анасы ювеналды полицияға барған. № 31 мектептің әкімшілігі оқушылармен және осы сыныптағы жағдайы бақылауға алуды тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети