04 желтоқсан 2020 17:06

Нұр-Сұлтанда үш жасөспірімнің ер адамға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда үш жасөспірім өтіп бара жатқан ер адамға бірнеше соққы жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Нұр-Сұлтанда үш жасөспірім өтіп бара жатқан ер адамға бірнеше соққы жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Полиция мәліметінше, шабуыл жасағандар ер адамды ұрысқа итермелеген.

"Ер адамның айтуынша, соңынан үш жасөспірім келе жатып, оны ұрысқа итермелеген, содан кейін оған бірнеше соққы жасап, артынша қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктілер ұсталды. Кәмелетке толмаған үш адам полицияға хабар берген. Сондай-ақ, полицияға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері шақырылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ведомство Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Сондай-ақ, заңды өкілдер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды ("Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы"). Ювенал полиция инспекторлары үш жігітті бақылауға алды", - деді полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети