Алаяқтар жеке деректерді ұрлайды: қазақстандық жүргізушілерге қауіпті хабарлама туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар жеке деректерді ұрлайды: қазақстандық жүргізушілерге қауіпті хабарлама туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертілді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертілді, деп хабарлайды Tengri Auto.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, жүргізушілерге KazToll жүйесі атынан ақылы жолдармен жүргені үшін берешекті өтеу қажет деген мазмұндағы SMS-хабарламалар келе бастаған.

Хабарламада ресми ресурсқа ұқсас жалған сайттардың сілтемелері көрсетілген. Алайда компания мұндай мекенжайлардың KazToll-ға да, "ҚазАвтоЖолға" да еш қатысы жоқ екенін ескертеді.

Компания мәліметінше, мұндай сілтемелерге өту жеке деректердің, банк картасы туралы ақпараттың және қаражаттың ұрлануына әкелуі мүмкін.

Жүргізушілерге күмәнді SMS пен мессенджерлердегі сілтемелерге өтпеуге, белгісіз сайттарға банк картасының деректерін, ЖСН, құпиясөздер және растау кодтарын енгізбеуге, сондай-ақ төлем жасамас бұрын сайт мекенжайын мұқият тексеруге кеңес беріледі.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері жол жүру ақысын тек KazToll ресми сайты арқылы төлеу керектігін еске салды. Егер хабарлама күмән тудырса, ақпаратты компанияның ресми арналары немесе 1403 байланыс орталығы арқылы нақтылау ұсынылады.

Бұған дейін ІІМ жүктер мен көліктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық схемаларын ескертті.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға “ҚР Жол полициясы департаментінен“ келетін SMS туралы ескертілді.