ІІМ жүктер мен көліктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық схемаларын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ жүктер мен көліктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық схемаларын ескертті Фото; Polisia.kz

Полицейлер логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Полицейлер логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қаскөйлер Della және Fa-Fa.kz сияқты тасымалдаушыларды іздеуге арналған танымал сервистерді пайдаланады. Көбінесе автокөліктер мен жүктерді тасымалдау туралы хабарландырулар Алматы қаласы мен Алматы облысынан елдің басқа өңірлеріне жеткізу үшін орналастырылады.

"Хабарландыру жарияланғаннан кейін алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы тапсырыс берушілермен және автовоз жүргізушілерімен байланысқа шығады. Тапсырыс берушілерге олар тасымалдауды ұйымдастырушы немесе жүргізуші ретінде, ал жүргізушілерге жүкке тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Екі тараптың да сеніміне кіріп, қаскөйлер тасымалдау шарттары туралы келіседі. Кейіннен көлік құралы Алматыдан шыққан соң, алаяқтар ұрланған автокөлікті немесе жүкті қайта тиеуді ұйымдастырып, оны өз қалауынша иеленеді", - деп хабарлады ІІМ.

7 маусымда Алматы тұрғыны полицияға қымбат көлігінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінген: оның құны 60 миллион теңге тұратын автокөлігі қолды болған.

"Полиция қызметкерлерінің жедел жүргізген іздестіру шараларының арқасында ұрланған көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш орындаушы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен басқа да ықтимал сыбайластар анықталып жатыр", - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ азаматтарға мыналарды ұсынады:

  • жүргізушінің жеке куәлігі мен көлік құралының құжаттарын мұқият тексеру;
  • тасымалдаушының телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен салыстыру;
  • жүру бағыты мен соңғы жеткізу пунктін алдын ала жеке талқылау;
  • интернеттегі тасымалдаушы мен жүргізуші туралы пікірлерді өз бетінше зерттеу.

"Күмән туындаған, құжаттарда сәйкессіздіктер немесе басқа да күдікті жағдайлар анықталған кезде тасымалдаушының қызметінен бас тарту және бұл туралы дереу 102 телефоны арқылы хабарлау немесе жақын маңдағы криминалдық полиция бөлінісіне жүгіну ұсынылады", - деп кеңес берді ІІМ.

Құқық қорғау органы қырағылық таныту және полицияға уақтылы жүгіну қылмыстың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тартуға көмектесетінін мәлімдеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +33
Ақтау +26
Ақтөбе +21
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +33
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +31
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +38
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер