Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 24 қазанда Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеоларды редакциясының WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген. 

"51-бағытта жүретін автобус өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

"24 қазанда 9.17-да Нұр-Сұлтанда "101" пультіне Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен уақытта 9.21-да автобустың артқы бөлігі мен қозғалтқыш бөлігі жанған. Салонда жолаушылар болмаған. Қабылданған шаралар барысында өрт 9.31-де сөндірілді. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осыған дейін, Алматыда автобус өртенгені туралы айтылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети