01 қыркүйек 2021 11:44

Нұр-Сұлтандағы өрт: қылмыстық іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полициясы "Тұлпар" сауда үйінде шыққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан полициясы "Тұлпар" сауда үйінде шыққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметі бойынша, "Тұлпар" сауда үйіндегі өрт кезінде полиция Тараз және Уәлиханов көшелері мен Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін қоршауға алған. Қала тұрғындарынан бұл көшелерге бармау сұралды.

ТЖД-мен бірге полиция өртті жоюды қамтамасыз етеді. Келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін құрамында әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығы бар жедел-штаб құрылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы полицияға хабарлама түскен жоқ.

Еске салайық, 1 қыркүйек күні сағат 07:36-да Нұр-Сұлтан қаласының "101" өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы, Уәлиханов көшесі, 24-үйдегі "Тұлпар" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети