02 қараша 2023 10:52

"ӨКМ операторының" ісі: бұрынғы басшы 920 миллион теңге төледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Шнар Мұқтарова 920 миллион теңге шығынды өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Шнар Мұқтарова 920 миллион теңге шығынды өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта айыпталушының адвокаттары Шнар Мұқтарова 920 миллион 534 мың теңге көлеміндегі барлық шығынды өтегенін хабарлады. Судья Ибрагим Әлкенов түбіртекті іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Адвокаттар процессуалдық келісім жасауды сұрағанымен, іс прокуроры Ерасыл Сәкенов келісімге келуден бас тартты.

Сот сот тергеуінің басталғанын жариялады.

Есек салайық, Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекс талаптарын бұза отырып, кәдеге жарату төлемінен 920 миллион теңге көлемінде өзіне дивиденд түрінде заңсыз төленген қаражатты иемденген деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети