20 қыркүйек 2016 10:53

ОҚО-да алты адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатына микроавтобус жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында алты адамның өмірін қиған жол апаты микроавтобус жүргізушісінің кінәсінен болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында алты адамның өмірін қиған жол апаты микроавтобус жүргізушісінің кінәсінен болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылына жақын маңда 19 қыркүйекте, дүйсенбі күні кешкі уақытта болған. Ташкент тас жолында микроавтобус Ford және Toyota көлігі бетпе-бет соғысқан. Бес адам "төрт ер адам бір әйел адам) оқиға орнында қаза тапқан. 15 адам ауруханаға жеткізілген, оның төртеуі бала. Кейінірек ауруханада 2013 жылы туған сәби қайтыс болған. Екі көліктің де талқаны шыққан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, осындай шешімге келіп отырмыз, деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Микроавтобус жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен. Оқиға болған жерде (Ташкент тас жолында) жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан барлық көлік жолдың бір жағымен жүруге мәжбүр. Жолаушылары бар микроавтобус жүргізушісі алдыңғы көлікті озбақ болып қарсы жолға шыққан секілді. Барлық жағдайды мамандар анықтап жатыр. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.


© tvk-uko.kz 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети