20 желтоқсан 2016 16:41

ОҚО-да белгісіз біреулер 10 миллион теңгенің көкпар атын ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Zamana © Zamana

9 желтоқсанда ұрылар Сарыағаш қаласының "Самал-3" шағынауданынан бір атты, "Пассат" көлігін және "КамАЗ" жүк көлігінің құны 85 мың теңгелік аккумуляторын ұрлап кеткен. Ал келесі күні тағы бір көліктің аккумуляторы ұрланған, - деп хабарлайды Zamana басылымы.


9 желтоқсанда ұрылар Сарыағаш қаласының "Самал-3" шағынауданынан бір атты, "Пассат" көлігін және "КамАЗ" жүк көлігінің құны 85 мың теңгелік аккумуляторын ұрлап кеткен. Ал келесі күні тағы бір көліктің аккумуляторы ұрланған, - деп хабарлайды Zamana басылымы.

"Біздің қорамыздан көкпарға түсіп жүрген атты ұрлап кетті. Содан бір аптадай бұрын үйге біреулер келіп саудаласқанда 10 миллион теңгеге сататынымызды айттық. Олар алғашында 5 миллион, кейін 7 миллион теңге бермекші болды. Біз ат өзіміздікі еместігін, ағамыз 10 миллионнан кемге сатпа дегенін айтып, бермей қалғанбыз. Содан 9 желтоқсанда түн жарымында шыққанда ат қорада тұрған. Таңертең тұрсақ, ол жоқ. Полицияға арыз жаздым, олар келіп сұрады, жазатындарын жазды, енді содан нәтиже шықса жақсы болар еді. Күйеуім бір хабары шығып қалар деп іздеп жүр. Бірақ одан да нәтиже шығар емес", - дейді жәбірленуші әйел.

Ал құқық қорғау орындарының мәліметінше, жәбірленушілер ұрыларға қатаң шараның қолданылмай отырғанын айтып отыр. 

Айта кетерлігі, жылқы ұрланған түні көрші үйдің 350 мың теңгеге сатып алған "Пассат" көлігі де ұрланған.

Басылымның мәліметінше, соңғы кездері Сарыағашта ұрлық деректері көбейіп кеткен. Олардың мәліметінше, ұрылар бір-екі малдан емес, ондап, жиырмалап бір-ақ алып кетеді екен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети