02 тамыз 2016 21:59

ОҚО-да болған қақтығыс: Облыс әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі © Тұрар Қазанғапов Облыс әкімі © Тұрар Қазанғапов

Мақтаарал ауданында болған қақтығыс облыс басшысының бақылауында. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Мақтаарал ауданында болған қақтығыс облыс басшысының бақылауында. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Мақтаарал ауданының Сейфуллин ауылында жедел штабпен жиын өткізді. Жиынға Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Демеуов, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық және аудандық әкімдіктің қызметкерлері қатысты.

Штаб отырысының барысында облыс әкімі жиналғандарды қабылданған шаралармен таныстырып, оларға ауылдағы жағдайды тәртіпке келтіруді тапсырды.

"Жиыннан кейін Бейбіт Атамқұлов жергілікті тұрғындармен кездесті. Олардың арасында қариялар, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл жұртшылығының өкілдері болды. Жиында облыс әкімі медициналық сараптамалардың қорытындысын айтты. Сараптамаға сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірімде зорлық белгілері табылмады. Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов болған оқиғаның қылмыстық мазмұны бар екенін айта отырып, ауыл жұртшылығынан қауесеттерге сенбеуін сұрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл жиынға облыстың прокуроры Ибрахим Иманов та қатысты. Ол тұрғындарға ауылда құқықбұзушылықты тоқтататын барлық шараның қабылданғанын айтты. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және ауылда тұрақтылықты сақтау мақсатында жұмыстар жалғасады. Сонымен қатар, прокурор ауылдағы жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Еске салайық, осыған дейін ОҚО-ның Мақтаарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтылған болатын. Бұзақылық әрекеттерге Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына (7 жасар қыз) 16 жастағы жасөспірімнің сексуалды сипаттағы әрекеттер жасады деген күдігі себеп болған. Бұл жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру реестріне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. 

Кейінірек полицейлер ОҚО-да 30-дан аса адамды ұстаған еді.
 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети