1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

ОҚО-да жоғалған студент қыз құрбысының үйінен табылды 05 маусым 2016, 15:34

Қыздың жоғалуының себебі әзірше анықталмады. Полициядағылардың айтуынша, ол жасырынып, полицейлердің іздеуінде болғаны үшін жазаға тартылмайды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

ОҚО-да жоғалған студент қыз құрбысының үйінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордалық студент Ғазиза Қайратованы Түркістанның ішкі істер бөлімінің криминалдық полициясының қызметкерлері тапқан. "Туыстарынан хабар келіп түскен бойда полиция оны іздеуге көшті. Қыз аман-есен. Кездесуге анасы шақыртылды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қыздың жоғалуының себебі әзірше анықталмады. Полициядағылардың айтуынша, ол жасырынып, полицейлердің іздеуінде болғаны үшін жазаға тартылмайды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін студент қыздың оқу ақшасын төлемегені айтылған еді. Ал оған ата-анасы ақша берген.



Join Telegram