30 қазан 2017 09:13

"Өлтірілген полицейлер" жайлы видеоның жай-жапсары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте жексенбі күні Instagram мен Telegram-арналарда пайда болған видео қолданушыларды шошытты. Кадрлардан өлтірілгенге ұқсайтын екі полицейді көруге болады. Олардың бірі патрульдік машинада, екіншісі жерде қан-жоса болып жатыр. 

"Уақыты мен мән-жайы белгісіз", - делінген видеоның сипаттамасында. 

Кейбір қолданушылар алаңдап, бұл видеоны БАҚ-тарға жолдады. 

Қазақстанның ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне бұл роликтің жалған екенін мәлімдеді. 

"Бұл Алматыда түсірілген деректі фильмнің кадрлары. Азаматтарды уайымдамауға шақырамыз, қалада жағдай тұрақты. Ал таратушыларға келсек, біз тексеріс бастаймыз, олардың қандай мақсатта бұлай таратқанын анықтаймыз, ісіне баға береміз", - деді ол.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети