Оңтүстік Қазақстанда түсірілген даулы видеодағы полицейлер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда түсірілген даулы видеодағы полицейлер ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда түсірілген даулы видеодағы полицейлер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО Мақтаарал аудандық прокуратураның өкілдері хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда түсірілген даулы видеодағы полицейлер ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО Мақтаарал аудандық прокуратураның өкілдері хабарлады.

"Иә, олар ұсталды. Қазір олар қамауда. Қазіргі уақытта облыстық прокуратураның арнайы прокуроры тергеу жүргізіп жатыр. Олар тергеу органдарына өздері келмеді, кейін ұсталды. Олар видеоны алдын алу шаралары мақсатында түсіргенін айтып түсіндіріп жатыр. Үш полицей - 1982, 1983 және 1984 жылғылар", - деп хабарлады прокуратура өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Интернетте автомобильде отырған ғашық жұптың отырғаны көрінген видеоның пайда болғаны белгілі болды. Ролик авторлары - полиция қызметкерлері. Қыздың қолымен бетін жауып тұрғанына қарамастан тәртіп сақшылары аты-жөндерінің кім екенін айтуды талап етіп, бетін ашуды сұрайды. Ролик Интернетке жүктелгеннен кейін бұл жұп полицейлердің роликті жарияламау үшін 1000 доллар ақша талап еткенін айтып, шағым келтірген еді.

 Кейін даулы видеоның кейіпкері болған полицейлердің жұмыстан шығарылатыны жайлы мәлімет тарады. "Мақтаарал ауданының 1976 жылғы жергілікті тұрғыны ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласты. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына қатысты 362-бап - "Қызметтік өкілін асыра пайдалану" бойынша соталды тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу жүргізілу үстінде. Бұл қызметкерлер ішкі істер органдарындағы қызметінен кетеді, себебі бұл жағдайда олар бұл азаматтарға әдепсіз қылық көрсетті. Олар ауызша ескерту жасауы керек еді, себебі автомобиль жеке мүлік болып саналады", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети