Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Оңтүстік Қазақстанда даулы видеоның кейіпкері болған полицейлер жұмыстан шығарылады

03 Шілде 2015, 13:49
0
©Youtube кадры
©Youtube кадры

Оңтүстік Қазақстанда даулы видеоның кейіпкері болған полицейлер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

"Мақтаарал ауданының 1976 жылғы жергілікті тұрғыны ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласты. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларына қатысты 362-бап - "Қызметтік өкілін асыра пайдалану" бойынша соталды тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу жүргізілу үстінде. Бұл қызметкерлер ішкі істер органдарындағы қызметінен кетеді, себебі бұл жағдайда олар бұл азаматтарға әдепсіз қылық көрсетті. Олар ауызша ескерту жасауы керек еді, себебі автомобиль жеке мүлік болып саналады", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Интернетте даулы ролик пайда болған еді. Оның кадрларында автомобильде қос ғашықтың отырғаны көрінеді. Ролик авторлары - тәртіп сақшылары. Қыздың қолымен бетін жауып тұрғанына қарамастан тәртіп сақшылары аты-жөндерінің кім екенін айтуды талап етіп, бетін ашуды сұрайды. 

Ролик Интернетке жүктелгеннен кейін бұл жұп полицейлердің роликті жарияламау үшін 1000 доллар ақша талап еткенін айтып, шағым келтірген еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай