Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қайтыс болғандардың саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы - Шымкент трассасындағы жол апатынан қайтыс болғандардың саны 14-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соқтығысқан сәтте оқиға орнында ауыр жарақат алған тоғыз адам қаза болды, олардың бірі 10-12 жас шамасындағы бала. Сонымен қатар, түрлі дәрежедегі дене жарақатымен Шымкент ауруханасына 12 адам жеткізілді, олардың төртеуі балалар. Оның бесеуі ауруханада есін жимастан қайтыс болды, оның ішінде микроавтобус жүргізушісі бар", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полиция өкілдерінің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, Алматы - Шымкент трассасында болған жол-көлік оқиғасы автобус жүргізушісінің кінәсінен болған. Ол тіркемесі бар жүк көлігінің алдына шығып кетпек болды. "Жүк көлігі жанармай бекетіне қарай солға бұрылып жатқан кезде Mercedes одан озып өтпек болып, нәтижесінде соқтығысып қалды", - деді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Көліктердің Шымкент қаласына қарай республикалық автожолмен қозғалып бара жатқаны белгілі. Жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алды, қазіргі уақытта одан жауап алынып жатыр.
Еске сала кетейік, Алматы - Шымкент трассасында 16 маусымда жол апаты болды. ІІД пультіне хабар шамамен 12.30-да келіп түскен. Mercedes Sprinter мен Howo жүк көлігі соқтығысып қалды.