ОҚО-да BMW көлігімен үш адамды қаққан полицейдің көлігінен бірнеше қару табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да BMW көлігімен үш адамды қаққан полицейдің көлігінен бірнеше қару табылды

Шымкентте BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен 32 жастағы полицейдің жүксалғышынан бірнеше қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен 32 жастағы полицейдің жүксалғышынан бірнеше қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Көліктің жүксалғышында "Сайга" қаруы, Драгунов мергендер винтовкасы, Симонов карабины мен Браунинг" тапаншасы табылды және тәркіленді. Мұның бәрі - оқ қару. Прокуратураның мәліметінше, бұл қарудың барлығы полицей Мәлік Оразалиевтің қайтыс болған әкесінің атына тіркелген. Ал ұсталған жүргізуші оларды өз атына ауыстырмақ болған екен.

Айта кетейік, күдікті Жандос Оразалиев - өңірдегі белгілі полициялық династияның мүшесі. Оның туыстары полиция ведомстволарын басқарған. Ал ағасы генерал-майор екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін 18 тамызда Шымкентте 32 жастағы полицейдің BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан бір адамның қаза болғаны жайлы хабарланған болатын. "Оқиға орнына барған полицейлер BMW көлігінің 1985 жылғы жүргізушісінің үш жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. Салдарынан 1980 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам зардап шекті: 1981 жылғы әйел мен 2010 жылғы бала. Олар алған жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлаған еді облыстық ІІД өкілдері.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети