Шымкентте полицей BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: Бір адам қаза болды

22 Тамыз 2017, 11:54
0
Шымкентте полицей BMW көлігімен үш жаяу жүргіншіні қағып кетті: Бір адам қаза болды - © pixabay.com
© pixabay.com

Жаяу жүргіншілерді қағып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылдың 18 тамызында Шымкент қаласының полициясына Жібек жолы көшесіндегі жол-көлік оқиғасы жайлы хабарлама келді.

"Оқиға орнына барған полицейлер BMW көлігінің 1985 жылғы жүргізушісінің үш жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады. Салдарынан 1980 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам зардап шекті: 1981 жылғы әйел мен 2010 жылғы бала. Олар алған жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай