16 маусым 2021 09:28

Оралда 15 жастағы мотоциклші жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда қала орталығындағы екі көшенің қиылысында минивэн жүргізушісі 15 жастағы мотоциклшіні қағып кетті. Жасөспірім алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда қала орталығындағы екі көшенің қиылысында минивэн жүргізушісі 15 жастағы мотоциклшіні қағып кетті. Жасөспірім алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 15 маусымда сағат шамамен 16.30-да Хиуаз Доспанова мен Неусыпов көшелерінің қиылысында болған.

"Volkswagen Sharan маркалы автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қозғалып келе жатқан мотоциклшіге жол бермей, соқтығысты. 15 жастағы мотоциклші облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", - деді БҚО полиция өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жасөспірімге шұғыл операция жасалғанын хабарлады. Оның миы шайқалып, көп сүйегі сынған.

"Өкінішке қарай, науқастың жарақаты тым ауыр болды. Дәрігерлер жасөспірімнің қайтыс болғанын тіркеді", - деді ведомство өкілдері. 

Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети