14 тамыз 2023 09:53

Оралда 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mgorod.kz Фото: mgorod.kz

17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.


17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

13 тамызда сағат 16:47-де құтқару тобына Жағалау көшесі бойында Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Суға батқандар 49 жастағы ер адам мен 12 және 17 жастағы екі жасөспірім. Құтқарушылар ересек адам мен 12 жастағы баланы судан алып шықты.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті төрт сағаттық іздеуден кейін табылып, судан шығарылған. Оқиға орнында 12 құтқарушы мен екі техника жұмыс істеді.

Марқұм судан құтқарылған ер адамның ұлы болып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети