29 маусым 2017 08:53

Оралда аулаға төселген плита арматурасы қыздың аяғын тесіп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 14 жастағы қыз серуендеп жүріп ауыр жарақат алды. Ол ескі плитадан шығып тұрған арматураны басып кетіп, темір оның аяғын тесіп өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Оқиға Әбілқайыр хан даңғылында "Жигули" автобус аялдамасының маңында болған. Бұл жерде үй аулаларына кіру жолына асфальт төселмей, орнына темірбетон плиталар қойылыпты. Тозығы жеткен плитадан арматуралар шығып тұрған. 

Оқиға орнына құтқарушылар жөнелтілді. Олар арнайы құрылғы арқылы қыздың аяғын босатып, алғашқы медициналық жәрдем жасады.

"Өзін өзі ұстады, жарады. Арматураны абайлап кесі тастадық та, аяғынан шығып тұрған металлды шүберекпен орадық. Оны жедел жәрдем балалар ауруханасына алып кетті, кейін ота жасалады", - деп хабарлады жедел құтқару жасағының дәрігерлік-психологиялық қызметінің жетекшісі Нұрмұхан Жұмағалиев.

© БҚО ТЖД

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети