22 қыркүйек 2020 18:55

Оралда әйелді пойыз қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: grifoninfo.ru Иллюстрациялық фото: grifoninfo.ru

Оралда әйелді пойыз қағып кетті. Салдарынан тұрғын оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Оралда әйелді пойыз қағып кетті. Салдарынан тұрғын оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте сағат 13:00 шамасында Желеев тас жолы аймағындағы теміржол өткелінде болды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем станциясына бұл оқиға туралы хабар сағат 13:15-те түскен.

"Пойыз өткелде әйел адамды қағып кетті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тапты. Әйел шамамен 50 жаста", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Пойыз әйелдің қолы мен аяғын кесіп өткен.  

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу") бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети