04 қаңтар 2024 10:57

Оралда дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Оралда екі қабатты ғимараттың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Оралда екі қабатты ғимараттың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 техника жұмылдырылған.

"БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды".

Еске салайық, бұған дейін Оралда дәмханадағы газ жарылып, өрт шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети