26 сәуір 2023 09:11

Оралда жарылыс болып, үш адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда жарылыс болып, оқиға орнында үш адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнында полиция мен өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Өрт салдарынан Исатай-Махамбет көшесінің бойындағы Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысын жабуға тура келді.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 30 шаршы метр аумақтағы гараж жанған, ішінде "ВАЗ-2121" өртенген. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өртсөндірушілер гараждан үш мәйітті тауып, төрт оттегі баллонын шығарды.

Өрт 21:31-де ауыздықталып, 22:02-де толығымен өшірілген. Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети