26 мамыр 2023 12:27

Оралда көлік үйге соғылды. Жол апатынан бала зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:mgorod.kz Фото:mgorod.kz

Оралда жол апаты салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Оралда жол апаты салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

25 мамырда сағат 8.10 уақыт шамасында Орал қаласындағы Абдиров және Январцева көшелері қиылысында 1983 жылғы жүргізуші тізгіндеген Priora маркалы көлік пен 2003 жылғы жүргізуші тізгіндеген Renault LOGAN маркалы көлік соқтығысты.

"Renault LOGAN маркалы көліктің 2003 жылғы жүргізушісі жол бермеу салдарынан көліктер бір-бірімен қақтығысып, соның нәтижесінде Priora көлігі жақын маңда орналасқан үйге соғылған. Жол апаты нәтижесінде Priora көлігінің жүргізушісі және Renault LOGAN көлігіндегі кәмелет жасына толмаған 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети