1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Оралда мас жүргізуші апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты25 қазан 2020, 14:38

Оралда жол апатынан бір әйел қайтыс болды, тағы бір адам реанимацияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы көлік жүргізушісі мас болғаны анықталды. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатып, көліктерге соғылған. 

Полиция апат 25 қазанда таңғы сағат төрт шамасында Оралдағы төртінші шағын ауданында болғанын хабарлады. ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі "Москвичи" ЖҚС жанындағы тұрақта тұрған Volkswagen Golf-ты қаққан. Содан кейін көлік "ГАЗельге" соғылған. Оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді.

"36 жастағы зардап шеккен әйелдердің бірі оқиға болған жерде көз жұмды. Көліктегі 30 жастағы жолаушының миы зақымданды және бұғанасы сынды. Ол реанимация бөліміне жатқызылды. Апат кезінде мас болған тағы бір жәбірленушінің кеуде қуысы зақымданған және жіліншігі сынған, ол ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші де мас күйде көлік басқарған. Оған ми жарақаты мен иықтың сынуы диагнозы қойылды", - деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Полиция оқиға болған жерде жол-патрульдік инспекторлары хаттама толтырғанын айтты. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!