16 қыркүйек 2015 13:39

Оралда тапа-тал түсте жол жиегіне дәрет сындырған ер адамның аты-жөні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Оралда жол жиегінде тапа-тал түсте дәрет сындырған ер адам Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оралда жол жиегінде тапа-тал түсте дәрет сындырған ер адам Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік жеке фирманың атына тіркелген, ал оқиға Орал маңында, Подстепное ауылының аймағында болған. "Ер адамның аты-жөні анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді БҚО ІІД баспасөз хатшысы Гүлжан Қанатова. - "Іс Теректі аудандық сотына жіберілді. Осы бап бойынша оған 10 АЕК көлеміндегі айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін".

Еске салайық, ер адамның әдепсіз қылығы түсірілген видео Instagram желісінде жария болды. Ол видеода VIP-номерлі автокөліктен шығып, дәрет сындырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети