Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы жақсарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы жақсарды Әселім Нығметованың туыстары жолдаған сурет

Оралда осыдан екі ай бұрын жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған Әселім Нығметованың жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда осыдан екі ай бұрын жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған Әселім Нығметованың жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккен әйел қазіргі уақытта өз бетінше тыныс алып, сөйлеп, тамақтана алады.

"Кеше осы күнге дейін тыныс алып келген түтікті алып тастады. Енді өз бетінше тыныс алып жатыр. Сөйлей де алады. Бірақ сөйлеу оған біраз қиындау болып жатыр", - деді әйелдің туысы.

Сондай-ақ, Әселім Нығметоваға төрт ота жасалғаны айтылады. Отаның барлығы теріні ауыстырып отырғызу түрінде жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелге әлі тағы қанша рет ота жасау керектігі белгісіз. Барлығы да оның организміне және қайта қалпына келуіне байланысты екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Оралда газ баллонының жарылуынан 37 жастағы әйелдің зардап шегіп, оның туыстарының көмек сұрағаны хабарланған болатын. Әйелдің бауыры Ерлан Нығметов әпкесінің Самараға жекеменшік жедел жәрдемнің арнайы көлігінде жеткізілгенін айтқан еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети