Өскемен әкімі адам қаққан шенеуніктің көлігінде болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуат Тумабаев. © ШҚО Ақпарат орталығы Қуат Тумабаев. © ШҚО Ақпарат орталығы

ШҚО прокуратурасы Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаевтың риддерлік 19 жастағы жігітті қағып өлтірген автокөлік салонында болғанын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы құзырлы органның сайтында жарияланды. Еске салайық, осыған дейін көлік тізгінінде Риддер қаласы әкімінің орынбасары болғаны айтылған еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО прокуратурасы Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаевтың риддерлік 19 жастағы жігітті қағып өлтірген автокөлік салонында болғанын ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы құзырлы органның сайтында жарияланды. Еске салайық, осыған дейін көлік тізгінінде Риддер қаласы әкімінің орынбасары болғаны айтылған еді.

Басылым мәліметінше, осыған дейін Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Әсем Қайратбек қала әкімі Қуат Тұмабаевтың оқиғаның кездейсоқ куәгері болғанын айтқан.

Құзырлы ведомство мәліметінше, 19 сәуірде қайтыс болған жігіттің әкесі Риддер қаласының прокуратурасына келіп, ІІБ қызметкерлерін жол апатына кінәлі автомобильді тоқтатпағаны үшін жауапқа тартуды сұрап, арыз берген. Сол күні қайтыс болған жігіттің әкесінің досы Риддер қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімі басшысының тарапынан қысым көрсетілгені және қорқыту деректері бойынша арызтүскен. 

"Осы деректерге қатысты ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы ("Қызметтегi әрекетсiздiк") және 362-бабы 4-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - делінген ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. 

Осы қылмыстық іс құзырлы ведомствоның бақылауына алынған. Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өскемен әкімдігі осы жағдайға байланысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.

Прокуратурадағылар басқа да мәліметтердің тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайтынын айтты. 

Айта кетейік, BMW Х5 жүргізушісі Риддер қаласында 19 жастағы Виктор Смольниковты қағып өлтірген болатын. ШҚО ІІД мәліметінше, оқиға 2018 жылы 15 сәуірде шамамен 21:00-де болған. Тексеру барысында BMW Х5 жүргізушісі 45 жастағы ер адамның көлікті мас күйде жүргізгені және ол Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Риддер қалалық ІІБ қызметкерлері осы дерекке қатысты тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro