Өскеменде басы дауға қалған экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуат Тұмабаев Қуат Тұмабаев

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін қызметінен кеткен Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев мемлекеттік қызметке оралып, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін қызметінен кеткен Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев мемлекеттік қызметке оралып, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуат Тұмабаев 2018 жылы Риддерде болған жантүршігерлік жол апатынан кейін Өскемен қаласы әкімі қызметінен кеткен еді. Жол апатынан 18 жастағы Евгений Смольников қаза болды. Тұмабаев BMW X5 автокөлігінің ер адамды қағып кеткеніне қатысты қылмыстық істе куәгер болған. Алайда, кейін сол көлік тізгінінде Риддер әкімінің мас орынбасары Бауыржан Құрманбаев, жанында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырғаны анықталған.

Сонымен қатар, іс материалдарында жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып, адамды қағып кеткенін көргені және соған қарамастан Тұмабаев рөлге отырып кетіп қалғаны көрсетілген. Оның айтуынша, ол оқиға болған жерден кеткісі келмеген. Керісінше жедел жәрдем көлігін көріп оны қуып жетуге тырысқан.

Жол апатында қаза болған Евгений Смольниковтың әкесі іс бойынша объективті тергеу жүргізу үшін ел Президентіне үндеу жолдаған еді.

Қалалық соттың үкімімен Қуат Тұмабаев ӘҚБтК-нің "міндетті сақтандыру бойынша шарт жасасудан жалтару" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда сот сол кезде Өскемен қаласы әкімі көлік иесі болмағанын ескеріп, шешімнің күшін жойған.

Айта кетейік, тергеу барысында Қуат Тұмабаевтың оқиғаға қатысы бар екені жасырылған. Оның осы уақытта ақысыз демалысқа кеткені айтылған. 2018 жылғы тамызда ШҚО әкімі Даниал Ахметов оның отставкаға кетуін талап етті және 13 тамызда Тұмабаев атқаратын лауазымынан босату туралы өтініш жазған болатын.

Кеше, 21 сәуірде Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаевтың Мемлекеттік қызметке оралғаны белгілі болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол экспортты ілгерілету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer