Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Өскемен және Семей қалаларында жер сілкінісі сезілді

20 Қаңтар 2015, 16:43
0
©some.kz
©some.kz

Өскемен және Семей қалаларында жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Қазақстанның сейсмикалық станциялары желісі жер сілкінісін 20 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 15.30-да тіркеген. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 660 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада. Оның энергетикалық класы - 12,5, магнитудасы - 5,7-ге тең. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, жер сілкінісі Семейде МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл, Өскеменде 2 балл түрінде сезілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" мемлекеттік мекемесінен хабарлама алынғаннан кейін ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес шараларды ұйымдастырды. "Мемлекеттік органдардың тиісті қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдар жетекшілеріне, Азаматтық қорғаныс қызметтеріне хабар берілді. Жедел штаб құрылды. Күш-құралдардың дайындығы тексерілді. ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің күшімен ғимараттар мен тұрғын үй қоры құрылыстары, тіршілікті қамтамасыз ету және өндіріс нысандарының зақымдану қаупі тексерілді. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, мұның алдында 19 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 07.48-де Тараз қаласынан 384 шақырымда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулерінің ошағы бір шақырым тереңдікте болған, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет болған жоқ. Ал оның алдында - 18 қаңтар күні Ақтау қаласынан 348 шақырымда магнитудасы 4,6-ға тең тербеліс байқалды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Түрікменстан аумағынан анықталды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай