25 ақпан 2014 14:28

Өскемен - Самар тас жолын тоғыз рет көшкін басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Өткен түнде Шығыс Қазақстан облысында тоғыз рет қар көшкіні болып, Өскемен - Тарғын - Самар тас жолын басып қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. Өскемен - Тарғын - Самар көлік жолы бойында тоғыз қар көшкіні болып, жолды жалпы көлемі 23 350 текше метр қар басып тастады. Көшкін басқан жолдарды тазалауға алты техника шығарылды. "ОблШығысЖол" кәсіпорны мамандарының мәліметінше, қазір көлік қозғалысы қалпына келді. "Қазселденқорғау" мекемесі көшкін болған учаскені күні-түні бақылауды жалғастырады. Еске сала кетейік, мұның алдында Самар, Белое елді мекендерінде қуаты МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік. Жер сілкінісі көшкіннің тууына әсер еткен болуы керек. Шығыс Қазақстан облысында 21 ақпан күні де қар көшкіні болған еді. "Қазселденқорғау" мекемесі мамандарының мәліметінше, Громотуха өзені бассейнінде көлемі 6000 текше метр болатын қар көшкен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети