Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Өскеменде адамдарды құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келген: видео 22 қыркүйек 2023, 14:57

Өскеменде жол апатынан зардап шеккендерді құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Өскеменде жол апатынан зардап шеккендерді құтқару үшін көлікті "кесуге" тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Өскемендегі жол апатынан зардап шеккендерді құтқару сәті түсірілген видеоны таратты.

"22 қыркүйекте құтқарушыларға Бажова көшесінде жол-көлік оқиғасы болғанын, оның салдарынан көлікте қалып қойған зардап шеккендер бар екені туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыны қираған көліктен шығаруға кірісті. Ер адамның аяғы қысылып қалған", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар гидравликалық құрал көмегімен көлікті ашып, зардап шегушіні босатып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram