Өскеменде қараусыз қалған үйден күшіктерді құтқарғысы келгендер адам мәйітін тауып алды

15 Сәуір 2015, 22:15
0
Өскеменде қараусыз қалған үйден күшіктерді құтқарғысы келгендер адам мәйітін тауып алды - ©Yk-news.kz
©Yk-news.kz
Өскеменде қараусыз қалған үйден күшіктерді құтқарғысы келгендер адам мәйітін тауып алды - ©Yk-news.kz
©Yk-news.kz

Өскемен қаласының тұрғындары саяжайда қараусыз қалған үйден әйел адамның мәйітін тапты. Олар тәртіп сақшыларына бірінші болып хабарласуға қорқып, бұл жайтты YK-news.kz басылымына хабарлады.

Өскемен тұрғындарының айтуынша, мәйіт саяжай кооперативіндегі қараусыз қалған үйде табылған. "Біз Желіден салынып бітпеген үйде күшіктердің бар екенін білдік. Мен сүйіктіммен бірге оларды тауып алғымыз келді. Бірінші үйге тексеру үшін кірдік, сонда өліп қалған әйелді көрдік", - деді Өскемен тұрғыны. 

Басылымның тілшілері оқиға жайлы полицияға хабарлады. Сот-медициналық сараптама жасаған маман мәйітті қарау кезінде зақымдалған жерін таппады. Марқұмның сүйегі патологоанатомға жіберіледі, содан кейін ғана өлімінің себебі анықталады. Полиция қызметкерлері қайтыс болған әйелдің аты-жөнін анықтап жатыр, сонымен қатар оның із-түссіз жоғалғандардың тізімінде бар-жоғы тексеріледі. 

Айта кетейік, мәйіт табылған үйде балон бояуымен "Мұнда олардың ақыры" деген сөз жазылған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай