1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Өскеменде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала қайтыс болды 19 сәуір 2019, 14:43

Өскеменде Гагарин көшесінде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше
видеодан үзінді видеодан үзінді

Өскеменде Гагарин көшесінде көлік қағып кеткен 10 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы арпалысқан, алайда оның жарақаты тым ауыр болған

Айта кетейік, 14 сәуірде Гагарин көшесінде жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілерге арнадған жолда екі адамды қағып кеткен - 36 жастағы әйелмен оның 10 жастағы баласы. Жаяу жүргіншілер ауыр жарақат алған еді. 

Бүгін оқушы қайтыс болды. 

"Бала ауруханаға түскен кезде ауыр халде болды. Оның көптеген жері сынған, сондай-ақ басынан жарақат алған. осы уақытқа дейін ол комада болды. Ана мен бала орталығының дәрігерлері бірнеше рет елордадағы нейрохирургия орталығының мамандарымен кеңесті. Шынымен де дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.