26 наурыз 2021 17:09

Өскеменде полиция көлігі трамвайға соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/osa.uka Фото: instagram.com/osa.uka

Өскеменде патруль көлігі трамваймен соқтығысып, жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде патруль көлігі трамваймен соқтығысып, жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 26 наурызда Өскемен қаласының орталығында болған. Трамвай жолы арқылы бұрылуға тырысқан патрульдік көлік трамвай алдынан өтіп үлгермеген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Нива" жүргізушісі солға бұрылған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Нәтижесінде трамваймен соқтығысып қалды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі өклдері.

Полиция қызметкеріне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан заңбұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны белгілі болды.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети