17 мамыр 2016 14:52

Өскеменнен Астанаға шыққан пойыз жолда бұзылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Защита-Астана" пойызы жолда бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


"Защита-Астана" пойызы жолда бұзылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 17 мамырында сағат 11.02-де Еркіншілік-Сары-Оба өткелінде (Астананың кіреберісі) техникалық ақауына байланысты №67 "Защита - Астана" пойызы тоқтатылды.

Жолаушылардың барлығы №801 "Павлодар - Астана" пойызына отырғызылып, жолға шықты. Олар Астанаға 15.18-де келіп жетті.

Баспасөз қызметінің өкілдері Астанаға келген жолаушылардың өтемақы ала алатынын айтты. "Жолаушылар тасымалы" АҚ ыңғайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды", - делінген компанияның хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети