Отардағы жарылыс: Айыпталушылардың үкімі қазанда шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отардағы жарылыс: Айыпталушылардың үкімі қазанда шығарылады ©Тengrinews.kz

Отардағы оқ-дәрі зауытында болған жарылыс бойынша айыпталушылардың үкімі қазан айында шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отардағы оқ-дәрі зауытында болған жарылыс бойынша айыпталушылардың үкімі қазан айында шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақжарылысөнеркәсіп" АҚ залалсыздандыру департаментінің бастығы Оракеевке, залалсыздандыру пунктінің бастығы Орловқа, залалсыздандыру пунктінің бас инженері Гурьяновқа, залалсыздандыру департаментінің бас инженері Емельяновқа, қауіпсіздік техникасы жөніндегі Қыдырәлиевке және ауысым басшысы Сазоновқа қатысты қылмыстық іс 2014 жылдың 8 қыркүйегі күні Қордай аудандық сотына түсті. Оларға ҚР ҚК 152-бабының, 2-бөлігі, 246-бабының 2-бөлігі, 307-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылды.

Негізгі сот процесі 26 қыркүйекте басталды. Істі Қордай аудандық сотының судьясы Қайрат Белгішев қарап жатыр. "Үкімнің шығатын күні шамамен - осы жылдың 26 қазаны", - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қылмыстық істің қозғалуына Отар станциясындағы №1 кәдеге жарату бекетінде патрондарды босату модулін іске қосу барысында лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану және жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы деректері бойынша қозғалды, соның салдарынан "Қазақжарылысөнеркәсіп" АҚ төрт жұмысшысы қайтыс болған еді. 

Тамыз айының соңында ҚР Бас әскери прокуратурасы жарылысқа себеп болған қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Еске сала кетейік, Отардағы жарылыс өткен жылдың 27 тамызында "Қазақжарылысөнеркәсіп" АҚ аумағында 122 миллиметрлік бос патрондарды залалсыздандыру кезінде болды. Жеті адамның денесін күйік шалды, олардың төртеуі қайтыс болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети